АҚШ президенті тағы да Д. Трамп…

АҚШ президенті тағы да Д. Трамп…

6-қараша. Turaninform. Қ. Нұрғали. Д. Трамп бір президенттік мерзім салып, Ақ үйге қайта оралды. Ол қажетті дауыстан әлдеқайда көп алды. Келесі жылдың қаңтарында ресми түрде АҚШ президенті қызметін атқаруға кірісетін оның, сайлауға дейін айтқан уәдеге бергісіз сөздерінің жүгі ауыр. Бірсыпырасын тізейік:
● 24 сағат ішінде Ресей-Украина соғысын тоқтату;
● Қытай тауарларына баж салығын 60%-ға арттыру. Басқа елдерден келетін импортқа да салынатын салықты 10%-ға өсіру;
● Газа қырғынын тыю;
● Тайваньды Қытай басқыншылығынан сақтау (ол әскери күш қолданбай-ақ шешетінін айтты);
● АҚШ-та заңсыз жүрген миллиондаған мигранттарды елден шығару;
● Салықты төмендету;
● Өндірісті жаңғырту, экологиялық шектеулерді қысқарту, мұнай және газ бұрғылау ісіне рұқсат беру және т.б.

Мұның алдында ол: “Менің міндетім – АҚШ үстемдігін қайтару” деген болатын. Дегенмен Дж. Байденнің кезінде АҚШ экономикасы тәуір-ақ өсті. Саясатқа келсек, НАТО мүшесі екі елге көбейді. Бірақ, Альянс бірлігі селдіреді. Америкалық саяси үстемдік басыла бастады. Енді 47-президенті геосаяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өз елін қаншалықты күшейтетіні алдағы төрт жылда байқалады.

 Фото интернеттен алынды  

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0