8-қараша. Turaninform. Осыдан бірнеше жыл бұрын Исландияда төрткүндік жұмыс аптасы енгізілді. Бүгінгі күні исландиялықтардың 59%-ы осы жүйеде. Нәтиже қандай? CNN таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл әдіс экономикаға кері әсерін тигізбеген. Керісінше, арта түскен. Мәселен, былтыр ЖІӨ-і 5%-ға өскен. Сонымен қатар, жұмыссыздық төменгі деңгейді көрсеткен.
Тағы бір қоса кетерлік жәйт, аталған мемлекетте жалақы да жоғары. Eurostat ақпаратына сәйкес, Исландияда орташа жалақы шамамен 4500 еуро.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР