Иран: су тапшылығынан Тегеранды көшіру айтылды

Иран: су тапшылығынан Тегеранды көшіру айтылды

11-қараша. Turaninform. Мұнайға бай Иран су тапшылығын тартып отыр. Дәлірегі, Тегеран қаласы. Ел президентінің сөзінше, тұрғындарға судан шектеу қоюмен мәселе шешілмесе, астанасын көшіріп әкетуі мүмкін. Қаланың өзінде 10 миллиондай адам бар. Агломерацияны қосса, тіпті миллиондап артады. Сондықтан бірден көшіріп әкетуі екіталай. Бәлкім, ертеңгі ықтимал наразылықты басудың бір жолы ретінде атамаса…

Иран астанасын сумен қамтамасыз ететін бірден-бір су қоймасының жағдайы бүгінгі күні мүшкіл. Қоймадағы судың мөлшері 10%-ға да жетпейді. Ал, жақын уақытта жаңбыр жаумайтын көрінеді.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0