18-қараша. Turaninform. Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Украина елінің басшысы Владимир Зеленский украиндық қорғанысты күшейте түсетін декларацияға қол қойды. Құжат аясында, украиндық тарап «Rafale» деп аталатын француздық 100 жойғыш ұшақты алады.
Dassault компаниясы жасайтын әскери ұшақтың өзіндік мықты қырлары бар. Мәселен, 10 тоннаға жуық жүкті көтереді. Бұл жағынан алғанда, АҚШ-тың F-15EX ұшағынан басқаның барлығынан алда. Соңғы нұсқасын алсақ, ресейлік Су-35 пен Eurofighter (Еуропа елдері) әскери ұшақтарымен деңгейлес.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР