16-наурыз. Turaninform. Қ. Қалмахан. Д. Трамп Ақ үйге келгелі бері АҚШ Украинаға қырын қарай бастағаны белгілі. Ал, Иранға қарсы қазіргі әскери операциясы жағдайды тіпті ушықтыруы ықтимал. Мәселен, украин елінің президенті В. Зеленский АҚШ пен Парсы шығанағы елдеріне, ирандық ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы көмектесетінін, қолында “карта” пайда болғанын мәлімдеп еді. Бірақ, ұзамай Д. Трамп Украинаның жәрдеміне зәру емесін айтты. Сонымен қатар, Ресей мұнайына салынған санкцияны біршама босатты. Бұл В. Зеленскийдің шамына тиді, жұқалап болсын айыптады. Мұнымен қоймай: “Зеленскийдің келісімге келгісі жоқ екеніне таңғаламын. Зеленскийге жеткізіңдер, ол келісімге келуі керек, өйткені Путин келісімге дайын. Зеленскиймен келісім жасау әлдеқайда қиын”, – деді Ақ үйдің уақытша қожасы. Украина басшысы да үндемей қалмады. Ол үшжақты келіссөз “Санта-Барбараға айналды” деп кекетті.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Ресей-Украина соғысы өз еліне қатысы жоқ, тым жырақтағы шайқас деп тағы айтты. Бұдан бөлек, АҚШ-тың өзіне де қару-жарақ көптеп керек болары анық…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР