14-сәуір. Turaninform. Өткен жылы Еуропаның кей елдерінде пәтерді, баспананы жалға алу құны әжептәуір артқан. Eurostat еуропалық 36 елді тізді. Солардың ішінде Түркиеде баға тым шарықтаған: 77,6%-ға жетті. Салыстыру үшін, ондықты жауып тұрған Чехияда 2025ж. 6%-ға ғана артты.
Ал, Еуроодақ бойынша орташа көрсеткіш 3%-дан сәл асқан. Әрине, егер, дамушы елдердегі жағдаймен салыстырсақ, бұл алып бара жатқан өсу емес.
Пәтерді жалға алу инфляциясынан ондыққа енген елдердің толық тізімі төмендегідей:
1. Түркие;
2. Монтенегро;
3. Хорватия;
4. Грекия;
5. Исландия;
6. Венгрия;
7. Болгария;
8. Румыния;
9. Сербия;
10. Чехия.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР