Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті

 Құрманғали Нұрғалиев

Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтті. Форумға ресми билік өкілдерінен бөлек, екі мемлекеттен 900-дей кәсіпкерлер қатысты. форумда мемлекет басшысы: «Қазақстан экономикасын әртараптандырып, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында қарқынды жұмыс жасап жатыр. Ел экономикасына соңғы 15 жылда 260 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды. Осы қаражат есебiнен экономикада жақсы өсiм болды. Дүниежүзiлiк банктiң бизнестi жүргiзу жеңiлдiгі жөнінен Қазақстан 41-орында тұр» («BNews.KZ»), – деді. Сонымен қатар, «Қазақстан экономикасына қаражат салған ресейлiк бизнес өз үйiндегiдей жағдайда» болатынын да атап өтті.

РФ басшысы Владимир Путиннің мәлімдеуінше, ресейлік тарап Қазақстан экономикасына 9 млрд. АҚШ долларын, ал, біздің ел оларға $3 млрд. салған. Дегенмен екіжақты сауда айналымы төмендегені де аталды. Мұны бірақ, негізінен сыртқы себептерге сілтеді…

“Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс жүргізіп отырмыз. Еркін сауда жөнінде Вьетнаммен келісімге қол қойылып, осындай келіссөздер Қытаймен, Оңтүстік Кореямен және Сингапурмен жүргізіліп жатыр. ЕурАзЭО-мен ынтымақтасуға Үндістан, Мысыр, Иран, Оңтүстік­ Шығыс Азия елдері қауымдастығының мүшелері және басқа да елдер ниет білдіруде. Біз мақсатты түрде барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін ортақ айқын ережелер қалыптастырудамыз. Қазақстанның экономикасына қаражат құя отырып, Ресей бизнесі мұнда өздерін «үйіндегідей» сезінетін болады. Еуропа мен Азия арасындағы қуатты көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесінде елдеріміздің ортақ мүддесі тоғысып жатыр”, – деді Мемлекет басшысы (Tengrinews.kz)

Ресейдің жағдай жақсы емес. Неше рет жаба сөйлесе де. Бір ғана мысал. Ресейдің сыртқы қарызы биылдың 1­шілдесінде $523,4 миллиардқа жеткен. Жыл басынан бері  4,9 млрд. АҚШ долларына артқан!

Әдетте, Қазақстан мен Ресей арасында түрлі деңгейдегі жиындар, кездесулер жиірек өтеді. Нәтижесін бүкіл ел сезіне, көре түсетіні көп болса дейміз.

Ескерту: Фото «Tengrinews.kz» ақпараттық порталынан алынды

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0