23,1 млн. тонна астық жиналыпты…

23,1 млн. тонна астық жиналыпты…

Астана. 10қазан. Turaninform. ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов бірнеше апта бұрын ғана: «Жалпы алғанда астықтың жалпы жиыны бункерлік салмақта 22,0 млн. тоннадан астам көлемде болжануда» деп мәлім еткен еді.

Арық айтқан түрі ме, әйтеуір, күткендегіден көп шығыпты. Тағы да өз мәліметінше алсақ.

– Республикада дәнді дақылдардың өнімін жинау аяқталды. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақта 23,1 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары және Тәуелсіздігіміздің тарихындағы астық рекордты өнімдердің біреуі болып табылады. Орташа түсімділік гектарына 15,2 ц/га құрады (ҚР АШМ Баспасөз қызметі), – депті Қайрат Айтуғанов.

Дегенмен, бұл да Тәуелсіздік тарихындағы рекордты көрсеткіш емес. Алдында жазғанымыздай, Тәуелсіз ел тарихындағы жоғары көрсеткіш 2011-жылы болып еді. Сол жылы 27 млн тонна астық алынған.

Фото khabar.kz сайтынан алынды

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0