Пекин Олимпиадасы бойынша еліміздің енді 5 медалі жарамсыз

Пекин Олимпиадасы бойынша еліміздің енді 5 медалі жарамсыз

24-қараша. Turaninform. Сонымен Пекин Олимпиадасы бойынша, 5 медаль жарамсыз: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола. Жарамсыз алтын медаль – ауыр атлетші Илья Ильиндікі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің www.olympic.kz атты ресми сайтында: «Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды» делінген.

Ұят болды! Егер, бәрі шын солай болса… Қате кетпесе. Қуанышымыз да «допинг» болды деген сөз. Уақытша ғана. Алдамшы…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0