Министр Тамара Дүйсенова жаңа бағдарламаны таныстырды

Министр Тамара Дүйсенова жаңа бағдарламаны таныстырды

29-қараша. Turaninform. Әлеуметтік жағдайды жақсартуға тағы бр қадам. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын таныстырғаны туралы BNews.kz хабарлады.

– Елбасының тапсырмасымен жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жаңа бағдарламаны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмысқа орналастыру немесе өзінің ісін ашуға қажетті кәсіби дағдыға жаппай оқыту және үйрету. Енді 3 негізгі бағытта жұмыс істейміз… Біріншіден, біз енді сұранысқа ие мамандықтарды және кәсіпкерлік негіздерін оқытамыз. Екіншіден, жаппай кәсіпкерлекті дамыту және қалалар мен ауылдарда микронесиелендіруді дамыту көзделіп отыр. Үшіншіден, еңбек нарығын дамыту. Бұл өз кезегінде азаматтардың жұмысқа тұруына септігін тигізеді, – деді министр (bnews.kz).

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев: «Егер біз бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлсек, енді оқыту арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына көңіл бөлінеді. Ең бастысы, адамдарға өз істерін ашуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік береміз (www.government.kz) депті.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев та кәсіпкерлікті дамыту бағытында жылына 2500-дей адамға кредит берілетінін мәлім етіп отыр. Әрине, кез келген адамға берілмейді. Өзінің белгілі бір шарттары бар.

Ұсынылып та, қабылданып та, жүріп те жатқан бағдарламалар аз емес. Әйтеуір, қалың әлеуметтің өміріне тиісінше жақсы әсер етсе, бағдарламалардың да сәйкесінше шыққаны, жүріп жатқаны.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0