ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қ.Халидидің «Шығыстың бес тарихы» кітабы таныстырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қ.Халидидің «Шығыстың бес тарихы» кітабы таныстырылды

Құрбанғали Халиди (1846-1913) бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихы мен шығу тегін зерделеуде терең із қалдырды. XIX ғасырдың аяғында автор «Тауарих-и хамса-и шарқи»/«Шығыстың бес тарихы» атты көлемді еңбек жазған. Бұл – бес халықтың: монғол, татар, ноғай, қазақ және қырғыз-қыпшақтардың тарихы. Кітап түркі халықтарының тілдері: шағатай, араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған. Қ. Халидидің шығармасында келтірілген этнографиялық, тарихи мәліметтер мен материалдардың басым бөлігі қазақ халқына қатысты болып отыр. Қазақ халқының тарихына арналған кітаптың бөлімдерінде автор мынадай мәселелердің басын ашады:

– алаш, өзбек, қазақ, ноғай, қырғыз атауы және «жүз» атауы туралы туралы аңыз;

– дәуір туралы; қазақтар мен ноғайлардың бірлесуі және кейінгі бөлінісі туралы;

– қазақтардың шежіресі туралы;

– Орталық және солтүстік Қазақстан аумағындағы археология және сәулет ескерткіштері туралы;

– Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы; қазақ хандары туралы; Абылай хан туралы; Әбілфайыз хан туралы;

– Аса ата оның нақыл сөздері туралы;

– хандардың сайлануы туралы;

– төре және төлеңгіттер туралы;

– Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы және әкімшілік округтер, бекіністер мен қалалардың негізінің қалануы туралы.

«Шығыстың бес тарихы» кітабы – Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и хамса-и шарқи» атты қолжазбасының түркі тілдерінен қазақ тіліндегі аудармасы. «Шығыстың бес тарихы» – бұл кітапхананың ғылыми жобасы. Аталған жобаны жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың жетекшілігіндегі бір топ ғалымдар жүзеге асырды. Жұмыс тобының құрамында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері – шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Мұстафаев және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Шыңғыс Бегімтаев болды.

Ескеретін жайт, «Тауарих-и хамса-и шарқи» туындысы қазақ тіліне ертеректе де тәржімаланған, алайда мәтіні толығымен аударылған емес. Ғалым Құрбанғали Халидидің «Шығыстың бес тарихы» кітабы түркі тілдес елдер тарихын зерттеушілер үшін ғылыми құндылыққа ие.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі: Зухра Баянова

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0