Қызылордада Талсуат ауылдық округіне табиғи газ берілді

Қызылордада Талсуат ауылдық округіне табиғи газ берілді

Жаңа Жыл қарсаңында, 29 желтоқсан күні Қызылордадағы Талсуат ауылдық округіне көгілдір отын жеткізілді. Соған сәйкес, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарын құттықтады.

– 2014-2015 жылдары Тасбөгет және Қызылжарма кенттерін табиғи газбен қамтамасыз еттік. Биыл Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысанды газдандыру жобасын жүзеге асырдық. Ал, 2017 жылы қалаға қарасты  Белкөл кентіне газ құбырын тартуға қаржы бөлінетін болады. Көктемде құрылыс жұмыстары басталады, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ, тұрғындарды еңбек ардагері, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Жанәлі Жүнісов құттықтады. Мұнан соң арнайы қондырғыдағы алауды жағу рәсімі өтті.

 Анықтама үшін: Биыл Талсуат ауылдық округінде жалпы ұзындығы 31 шақырымдық газ құбыры тартылды. 500-ге жуық тұрғын үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0