Ресей өнімінде «Трампқа сенеміз» деп жазылғаны саяси себептен бе, әлде?

Ресей өнімінде «Трампқа сенеміз» деп жазылғаны саяси себептен бе, әлде?

АҚШ президенті Дональд Трамптың салтанатты түрде қызметке кірісуіне орай Ресейдің Златоуст қаласында түрлі қымбат металдардан (алтыннан, күмістен және күміс пен алтынды араластырған түрлерде) жасалған, аз көлемде, кәдесый ретінде тартуға да арналған топтамалық шақалар, теңгелер соғылған еді. Ресми ақша емес.

Дегенмен қандай негіз болуы мүмкін? Бұл бұрыннан бері біздің ел ішінде айтылатын: «Орыс ойына келгенін істейді» дегенге сыяды ма?.. Жәй ғана коммерциялық дегенге ше? Біріншіден, Ресей авторитарлы, тоталитарлы белгілері мейлінше басым мемлекет болғаннан кейін, жасаған компанияның әрекетінен билігі хабарсыз деп санау қиын. Демократиялық ел болса, әңгіме ету артық болар еді… Сонымен қатар, онда қатардағы ресми сөздер ғана емес, «Трампқа сенеміз» (In Trump We trust) деп те жазылған! Демек, бұл ресейлік биліктің қитұрқы бір саяси ойыны болуы мүмкін (АҚШ-­тың ұлттық валютасында жазылған сөзді бұрмалаған сыңай байқалатыны тағы бар). Мысалы, Ресей президенті В.Путин: «Киевте машықтанып алған олар, енді өз жері – Вашингтонда, Д.Трампты қызметіне кірістірмес үшін Майдан ұйымдастырғысы келетіндей әсер қалдырады» деген еді. Сондықтан бұл әрекет кибершабуыл, Д. Трамптың бүйрегі Ресейге бұрады деген АҚШ қоғамындағы күдікті күшейтіп, әдейі отқа май құю қадамы сияқты… Екіншіден, Ресей санкциядан қалжырады. Экономикасы әлсіреді. Керісінше, АҚШ былтырғы жылғы көрсеткіште, әлем елдері ішінде ЖІӨ-­іне қосылған миллиард долларлық есепте бірінші орында нық тұр. Сонымен қатар, АҚШ-­тың бір ғана әскери салаға бөлетін қаржысы, Ресейдің бүкіл бюджетінен екі еседен еркін асады! Сондықтан бұл ресейлік биліктің амалдап аман қалу қадамы да сияқты. Әйтеуір, Трампқа жақсақ, санкцияны жұмсарта ма, әлемдік қауымдастыққа сүйкімді ете ме дегендей дәмелер жатқандай… Ал, өзара достық дегенге, неше өлшесең де қазір қисынға келмейді. Соңғы уақыттардағы текетіресті қоссаңыз…

Құрманғали Нұрғалиев, журналист

Фото art-grani.ru сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0