«Азияның ең танымал әншісі» – Димаш Құдайберген

«Азияның ең танымал әншісі» – Димаш Құдайберген

27-наурыз. Turaninform. Димаш тағы қуантып отыр. Енді ол – China Top music Awards-­та «Азияның ең танымал әншісі» атанды! Бұл туралы PR-директоры Алпамыс Шаримов Instagram-да шаттана хабарлап, досы ретінде де қуанды: «Қандай бақыт! Құттықтаймын!» делінген онда.

Қазақтың қуанышын арттырған Димаш Құдайберген: “Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шетелдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатырған “Singer” жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!!!” деді марапаттау сәтінде.

Алдағы күндеріне де сәттілік, Димаш бауырдың!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0