Флойд Мейвезер: «Конор Макгрегор, менен қашуды қой»

Флойд Мейвезер: «Конор Макгрегор, менен қашуды қой»

31-наурыз. Turaninform. Әлемнің кәсіпқой бокстан бұрынғы абсолютті чемпионы, pound for pound (P4P) бойынша бірінші орында тұрып, 2015-жылы боксты тастаған кіші Флойд Мейвезер аралас жекпе­-жек спортшысы Конор МакГрегор үшін рингке қайта оралуы мүмкін. Оның боксқа қайта келуі мүмкін деген сөздің шыққанына да бірнеше ай болды.

«Мен рингке бір ғана адам үшін ораламын. Ол – Конор Макгрегор. Уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Бәрі де жедел іске асуы тиіс… Конор Макгрегор, менен қашуды қой» дейді Флойд Мейвезердің кішісі.

40 жасар Флойд Мейвезер 49 рет рингке шығып, соның барлығында жеңіске жеткен! Оның 26­ сын нокаутпен аяқтаған. UFC чемпионы Конор болса, 24 кездесуінің 21 інде жеңіске жетіпті.

Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяо, Хуан Мануэль Маркес, Шейн Мозли, Оскар Де Ла Хойя, Рикки Хаттон, Артуро Гатти (2009 ж. кайтыс болды), Диего Корралес (2007ж. қ.б.), Заб Джуда, Сауль Альварес, Мигель Котто, т.б. талантты, бірінен­ бірі мықты боксшыларды жеңді. Тіпті аталғандардың ішінде Флойдқа дейін жеңіліп көрмеген боксшылар да бар. Мысалы, Сауль Альварестің, Рикки Хаттонның алғашқы жеңілісі Флойдтан болды. Үздік екендігін әбден дәлелдеді. Егер кездесу жүзеге асып, осы жолы да жеңсе, оны биіктете түспек… Әрі Рокки Марчианоның рекордынан озады.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0