Сұлтан Бейбарыстың қайырымдылық істері…

Сұлтан Бейбарыстың қайырымдылық істері…

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бен төрт халифтан кейінгі Ислам елдеріндегі билеушілердің ішінде Бейбарыс сұлтан секілділер тым аз. Халыққа болысуы, кедейлерге, жетімдерге бүйрегі бұрылуы жағынан… Бірде сұлтан Бейбарыс: «Барлық кедейлерге жететін азық­-түлігім болса, үлестіріп берер едім» деген екен! Бұл жәй сөз емес. Іс жүзінде көрсеткеніне мысал бар. Мәселен, Мысырды бір кездері ашаршылық жайлапты. Сонда Бейбарыс Каир мен Мысыр қаласы маңындағы кедей-­кепшіктердің, кембағалдардың тізімін алдыртып, оларды наибтарға, әмірлерге, саудагерлер мен байларға бөліп беріп, үш ай бойы тегін тамақтандырсын деп бұйрық еткен екен! Мұның сыртында ораза кезінде 5 000 адамға ауызашар да берген көрінеді. Медресенің жанынан жетімдер үшін Құран оқыту мектебін ашуы да Бейбарыс бабамыздың тарихи тұлғасын биіктете түседі.

Оның қайырымдылығы, жақсылыққа болысуы жоғарыдағылармен бітпейді. Ол «Мәдина қаласындағы пайғамбардың (с.а.с.) зиратының қасында аурухана тұрғызып, оны жатып және келіп емделетін аурулар үшін қажетті дәрі­-дәрмектермен жабдықтап тұрды. Осы аурухананы жыл сайын қасиетті жерлерге жіберілетін азық-­түлік, май, балауыз және т.б. қажетті заттардың бір бөлігі келіп түсетін етіп реттейді. Пайғамбар (с.а.с.) қабірінің үстіне қоршау орнатады (Қайрат Сәки, «Қыпшақ мәмлүктер» кітабы, 152-бет)».

 Құрманғали Қалмахан

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0