Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен «ҚазАгро» ұлттық холдингінің ынтымақтастығы

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен «ҚазАгро» ұлттық холдингінің ынтымақтастығы

Қазақстандық азық-түлік өндірушілердің Парсы шығанағы, Африка және Орта Азияның 30-дан астам елдің нарығына шығуын алдағы уақытта екі ұйымның ынтымақтастығы қамтамасыз етуі мүмкін.  Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) арасында Астанада өткен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында серіктестермен бірлескен жұмыстың екі негізгі бағыты анықталды: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялар және АҚИҰ қатысушы елдердегі отандық аграрлық өндірушілердің өнімдерін экспорттауға көмек көрсету. Бұдан басқа, тараптар алға қойған жоспарларды ілеспелі тиімді іске асыру мәселелерінің кеңейтілген спектрін талқылады.

Екі ұйымның бастамалары Өзара түсіністік туралы бірлескен моморандумда бекітілді, оған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы тарапынан АҚИҰ секретариатының Бас директоры Ержан Жалмұханов және «ҚазАгро» ұлттық холдингі тарапынан оның Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов қол қойды.

Екіжақты құжат ынтымақтастықтың келісілген бағыттары бойынша мәнді жұмысты болжайтынын атап өту қажет. Мысалы, Қазақстанның АӨК инвестициялар бөлігінде бірлескен қызмет жоспарланады, ол экспортқа бағдарланған ауылшаруашылық жобаларын қаржыландырумен, тікелей инвестициялар қорының құралдары арқылы тікелей шетелдік инвестициялар тартумен, аграрлық саладағы жобаларды қаржыландыру үшін қаржы өнімдері мен исламдық қаржыландыру әдіснамасын әзірлеумен, сондай-ақ кейіннен АӨК саласында инновацияларды енгізу арқылы технологиялардың трансфертімен байланысты.

Қазақстандық экспортты қолдау ісінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы сауда операцияларын кеңейту, Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі және жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін қайтадан енгізілген суармалы жерлерді қоса алғандағы республиканың экономикалық әлеуетінің картасын әзірлеуге көмек көрсету болжанады. Бұдан басқа, АҚИҰ және «ҚазАгро» Ислам ынтымақтастығы ұйымының азық-түлік тауарларының көздері елдерінің картасына Қазақстанды енгізуге көмектесу жөнінде келісті.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтің Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртық істер министрлерінің 38-ші сессиясы барысында айтқан бастамасы бойынша құрылды.

Ұйым мүше елдердің ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін тиімді дамыту, биотехнологияларды дамыту, шөлдену, эрозия және топырақтың тұздануынан туындаған проблемаларды шешу бойынша техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Ұйым азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін резервтер құру арқылы төтенше және гуманитарлық көмек көрсете алады. Ұйымға 31 ел кіреді.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі        

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0