Ердоған қырымдық қайраткер Джемилевпен кездесті, енді Путин қайтпек?..

Ердоған қырымдық қайраткер Джемилевпен кездесті, енді Путин қайтпек?..

Түркия президенті Реджеп Ердоған кезінде Қырым­-татар халқы Меджілісінің төрағасы болған Мұстафа Джемилевпен кездесті. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады. Кездесу барысында М. Джемилев «Қырымда ресейлік басқыншылықпен келіспейтін сондағы татарлар мен басқа да азаматтардың қуғынға ұшырап жатқаны» туралы баяндаған. Түркия президенті болса, қырымдық татарларды сөзсіз қолдайтынын мәлімдепті. Сонымен қатар, Реджеп Ердоған халықаралық деңгейде мойындалған Украина территориясының тұтастығы бұзылмауын қолдайды.

Мұстафа Джемилев Түркия президентіне алғысын да білдірген. Ресейлік «РИА Новости» таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу Анкарадағы (Түркия) президент сарайында жабық жағдайда өтіпті.

Екі ел – Түркия мен Ресей арасының жақсарып келе жатқанына көп болмап еді. Оның үстіне соңғы уақытта Түркия-Батыс елдерінің арасы онша жақсы болмай, бұл Ресейдің оң жамбасына келе қойған болатын. Енді Батыстың ықпалды елдеріне мүмкіндік туа қалғандай. Егер, орнымен пайдалана алса…

Ал, Түркия мен Ресей арасына бұл жағдай қалай әсер етеді? Путин билігі де Түркия президентіне қарсы саналатын тараптардың біріне іш тарту арқылы жауап бере ме?.. Бәлкім, басқаша… Әйтеуір, ресейлік тараптың мүлде жауапсыз қалуы мүмкін емес сияқты. Не де болса да «қызық», ақылға салмақ салатын саяси жүріс жасалды…

 Құрманғали Қалмахан       

 Фото korrespondent.net-тен алынды  

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0