Астанада Аграрлық өнеркәсіптік Инвестициялық форум өтпек

Астанада Аграрлық өнеркәсіптік Инвестициялық форум өтпек

Қазақстанда «AgroInvestForum 2017»Аграрлық өнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді. Осы айдың 25-інде Астанада өтетін бұл іс-шараға біздің елден бөлек, Қытайдан, Ираннан, БАӘ, Венгриядан, Польшадан, Ресейден, Испаниядан, Түркиядан және басқа да мемлекеттер қатыспақ.

Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығында және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.  ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен өткізілетін инвестициялық форумда іскерлік байланыстарды  жақсартудан басқа отандық бизнестің шетелдік әріптестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі болуы мүмкін проблемалық мәселелерді талқылау жоспарланған.

«AgroInvest Forum 2017» форумына қатысу үшін ірі шетелдік инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдерінің кеңейтілген тобы шақырылды. Қатысушылар мен сөз сөйлеушілер қатарында – Азия даму банкінің,  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Ислам даму банкінің, халықаралық электрондық сауда алаңдарының өкілдері және басқалар бар. Қазақстандық өндірушілер инвесторлармен жұмыс және аграрлық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі.

Форум аясында арнайы RACS Quality Certificates Issuing Services (БАӘ) сертификациялық орталық өкілі баяндама жасайды, ол Халяль сертификациясының рәсімдері туралы айтады. Іс-шараны ұйымдастырушылар форумда іскерлік байланыс орнатуға тиімді көмектесу мақсатында, сондай-ақ көкейкесті мәселелерді шешу үшін коммуникация құралдарының кеңейтілген спектрін ұсынады: инвесторлардың жобаларды көрсетуі (Pitch-презентациялар), Publictalk және networking форматында аудиториямен тікелей байланыстар, тақырыптық секциялар, панельдік пікірталас, шеберлік сабақтары, B2B, B2G кездесулер.

Форум жұмысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-трансляция бойынша көруге болады.

«AgroInvest Forum 2017» қатысушыларын тіркеу мына адрес бойынша жүзеге асырылады:http://www.investagro.kz/.  БАҚ тіркеу:pr@investagro.kz

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына«ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ,  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0