Владимир Кличко кәсіпқой бокстан кететінін мәлімдеді

Владимир Кличко кәсіпқой бокстан кететінін мәлімдеді

3-тамыз. Turaninform. Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко кәсіпқой бокстан кететінін жариялады. Соған байланысты бейнеүндеуінде ол: «Мен жаңа сынаққа абсолютті түрде дайынмын» деп те мәлімдеді.

Владимир кәсіпқой бокста 69 кездесу өткізіп, соның 64-­інде жеңіске жеткен. 53­-ін нокаутпен аяқтаған. WBO, WBA, IBF, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған оның, күтпеген жеңілістері де аз болмады. Белгілі бір деңгейде әйгілі болса да, аса мықты боксшы бола алмаған күйі тарихта қалмақ. Дегенмен, былапыт сөзден қашық болған, өзіндік мәдениетті сақтаған санаулы боксшылардың бірі.

В. Кличко соңғы екі кездесуінде қатарынан жеңілген еді: Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуадан. Соңғы жеңілісі Энтониден болды. Онымен қайта кездесуіне мүмкіндігі бар еді. Бірақ, В. Кличко мұны пайдаланбады, бәлкім, дұрыс шешім…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0