Елімізде «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру жүріп жатыр

Елімізде «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру жүріп жатыр

Еліміз бойынша үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын «Еңбек жолы» байқауына онлайн дауыс беру басталды.

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:  «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас қызметкер», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.

Бүгінгі таңда өңірімдің 11 өңірінде дауыс беру белсенді түрде жүріп жатыр. Кез-келген Қазақстан азаматы өз қаласының үздік жұмысшысын онлайн тәртіпте таңдай алады.

Онлайн-дауыс беру әр аталым бойынша 3 үздік жұмысшыны анықтауға мүмкіндік береді (барлығы 9 үміткер). 2 кезеңде аймақтық комиссия мүшелері іріктелген 3 үздіктен аймақтық жеңімпазды анықтайды.

Барлық аймақтағы үздік деп танылған қатысушылар аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, дәл осы кезеңде байқау жеңімпаздары анықталады.

Еске сала кетсек, республикалық «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы бекітілген. Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу,  жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қазан айында  Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты  республикалық форумында өткізу жоспарланып отыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған шараға барлық азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырады.

Сіз келесі сілтеме бойынша өз аймағыңыздағы үздік еңбек адамына дауыс бере аласыз:

1) Ақмола облысы – http://trud.akmol.kz/respybliim_enbek_zjoli_pomimda.html;

2) Ақтөбе облысы – http://aktobe.gov.kz/ru/node/6114;

3) Алматы облысы – http://zhetysu.gov.kz/ru/socopros/;

4) Атырау облысы – http://atyrau.gov.kz/page/read/Respublikanskij_konkurs_Enbek_zholy_koord.html?lang=kz;

5) Шығыс-Қазақстан облысы – http://www.akimvko.gov.kz/ru/respublikanskij-konkurs-enhbek-zholyi-posvyashhennyij-prazdnovaniyu-dnya-truda/;

6) Жамбыл облысы – http://enbek.zhambyl.kz/index.php?action=contents&page=322&lan=kaz;

7) Батыс-Қазақстан облысы – http://bko.gov.kz/ru/yenbek-zholy.html;

8) Қостанай облысы – http://kostanay.gov.kz/e-bek-k-n/index.php;

9) Павлодар облысы – http://pavlodar.gov.kz/poslanie-prezidenta-rk/;

10) Оңтүстік Қазақстан облысы – http://ontustik.gov.kz/kk;

11) Астана қаласы – http://astana.gov.kz/ru/modules/material/14441.

 www.enbek.gov.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0