Мугабеге $150 000 «зейнетақы», ал, әйеліне соның жартысы төленеді…

Мугабеге $150 000 «зейнетақы», ал, әйеліне соның жартысы төленеді…

26-қараша. Turaninform. Зимбабвенің экс-президенті, диктатор, биліктен күштеп тайдырылған Роберт Мугабе тегін кетпепті. The Guardian таратқан ақпаратқа қарағанда, ол өмірінің соңына дейін мемлекеттен ай сайын $150 000 көлемінде алып тұратын болыпты! Соның үстіне «өз еркімен» кеткені үшін Робертке өтемақы ретінде мемлекеттік бюджеттен миллиондаған АҚШ доллары төленеді екен. Тіпті өтемақы көлемі шамамен 10 миллиондай АҚШ доллары деген де ақпарат бар.

Сонымен қатар, Мугабе қайтыс болғасын, әйеліне ол алып келген $150 000 «зейнетақысының» жартысы төленіп тұрмақ екен. Мұның сыртында емделуі, қауіпсіздігі, шетелге сапары т.б. үшін  мемлекет есебінен төленетіні тағы бар.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0