АҚШ-­та әлем бойынша алғашқы сатушысыз супермаркет ашылды!

23-қаңтар. Turaninform. Әлемде тұңғыш рет арнайы сатушысыз, кассасыз супермаркет АҚШ­-та ашылды! Тек бір ғана жағдайда арнайы адам – сатушымен кездесуі мүмкін екен: спиртті ішімдік аларда жасының кәмелетке толған­-толмағанын білу үшін.

Amazon компаниясы ашқан дүкеннен зат алу үшін алдымен смартфоның болуы керек. Соған Amazon Go қосымшасын жүктеп алып, дүкенге кіреберісте арнайы құрылғыға тиісінше әрекет етіп, әрі қарай ішке енесіз.

Камералар қосулы. Алған затыңыз виртуалды себетке салынады. Егер, алмай қайтадан қойсаңыз, себеттен алынады екен. Алған заттарыңызды шығаберісте арнайы құрылғы есептеп, төлеу түбіртегін береді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0