Елорданың жанар-жағар май қоры 13 күнге жетеді

Елорданың жанар-жағар май қоры 13 күнге жетеді

30-қаңтар. Turaninform. Жанар-жағармай және көмір бағасының қымбаттауы немесе тапшылығы елімізде аз қайталанбайды. Екеуінің де қоры Қазақстанда молынан бар болса да, әрі көп өндірсек те жағдай солай.

Елордада да сондай болып тұрады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова: “Бүгінде қалада жанар-жағар майдың 13 күндік қоры бар. Барлық операторлар қазақстандық АИ 92 бензиніне бағаны төмендетті. Жеткізу және сату бойынша кедергілер жоқ. Жанар-жағар май мәселесіне келсек, елорданың ЖЖМ нарығы үнемі бақылауда” депті. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

13 күндік қор – Астана қаласы үшін қаншалықты қалыпты жағдай саналады?..

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0