Қызылордада 5 қабатты үйдің бір бөлігі құлады

Қызылордада 5 қабатты үйдің бір бөлігі құлады

1-наурыз. Turaninform. Кеше Қызылордада 5 қабатты жатақхананың бір бөлігі құлады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке қарағанда, оқиға 28 ақпан күні сағат 23.05-те болған: Қызылорда қаласы, Титов кентінде.

“5 қабатты жатақхананың адамдар тұрмайтын 4-ші кіреберісінде қирау орын алды. Бұл ретте 1 және 2 кіреберістерде адамдар тұрады, ал 3 және 4 кіреберістерде адамдар тұрмайды, ғимарат 1971 жылы салынған. Үйдің тұрғындары алдын ала мәліметтерге сәйкес 63 адам, оның ішінде 17 бала Қызылорда қаласының № 2 мектебінде орналастырылды” делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ деген ақпарат бар.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0