Д. Уайлдер Л. Ортисті нокаутпен жеңді

Д. Уайлдер Л. Ортисті нокаутпен жеңді

4-наурыз. Turaninform. Кәсіпқой бокстың аса ауыр салмақ дәрежесінде WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деонтей Уайлдер Луис Ортисті жеңді. Ұпаймен емес, нокаутпен.

Дегенмен, Д. Уайлдер үшін бұл жекпе-жек ­жеңіл болды деп санау қиын. Л. Ортис 5-раундта Д. Уайлдердің оң қолмен ұрған соққыcынан есеңгіреді. Бірақ, керісінше, 7-раундта Деонтей де Луистің джеп, хук соққыларының астында қалып, жеңіліп қала жаздады. Екеуіндегі екі жағдай да тиісті раундтың аяқталуына сәйкес келген еді. Бірақ, 10-раунд шешуші болып шықты: Деонтей Луисті нокдаунға түсіріп, соңы Д. Уайлдердің нокаутпен жеңуімен аяқталды.

Ендігі Деонтей Уайлдер 40 жекпе­-жегінің 39ын нокаутпен жеңген кәсіпқой боксшы. 1985-жылы туған ол әлі жеңіліп көрмеген. Бірақ, аса ауыр салмақта, WBA, IBF, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаны жеңе ала ма? Энтони де кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. Екеуі де нокаутшы. Түбінде екі боксшы бетпе-бет келіп, жекпе-жекке шығуы әбден мүмкін. Сол кезде бұл салмақта қазір кімнің үздік екені белгілі болады…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0