«ҚазАгроҚаржы» 13,6 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы техникаларын табыстады

Жылдың басынан бастап республикада көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграршыларға 13,6 млрд. теңге сомасына 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компаниямен 7,2 млрд. теңге сомасына 397 өтінім мақұлданған. Бұдан басқа, 6,2 млрд. теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.

Фермерлер мен агроқұрылымдардың арасында «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын жаңа қаржыландыру бағдарламалары барған сайын әйгілене түсуде. Тек қана соңғы айдың ішінде осы бағдарламалар бойынша 232,7 млн. теңгеге өтінім келіп түскен.

Қазіргі уақытта «Сенімді фермер» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерге жиынтық құны 105, 8 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке  табыс етті,ал «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық аграршылар84,4 млн. теңгегеауыл шаруашылығы техникасын ендігі лизингке алып та қойған. Өтінімдер әлі де болса қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісін кеңейтіп, «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын арнайы жаңа бағдарламаларын іске қосты, сонымен қатар стандартты қаржы лизингі талаптарына өзгертулер енгізді.

«Сенімді фермер» бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей алу мүмкіндігін береді. Бұл бағдарламаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қолданыстағы клиенттерімен қатар, бұрын қаржыландырылған клиенттері де пайдаланып қала алады. Клиенттерге қойылатын жалғыз ғана талап – бұл адал ниетті қарыз алушы өлшемшарттарына сәйкес келу.

«Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық жем-шөп өндірісін дамытуды қаржыландыру жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермерлер қажетті ауыл шаруашылығы техникасын10 жылға дейінгі мерзіммен, мөлшері 10 % құрайтын төмендетілген аванстық төлеммен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

«ҚазАгро» сарапшылары айтып кеткендей, жаңа бағдарламалардың енгізілуі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісінің кеңейтілуі, аванстық төлемнің төмендетілуі және қаржыландыру мерзімдерінің ұлғайтылуы отандық фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникаларына және арнаулы жабдықтарға деген қолжетімділікті арттырады, бұл, өз кезегінде, еліміздің машина-трактор паркін жаңартуға оң нәтиже беретін болады.

Тұтас алғанда, бүгінгі таңда көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын қолдау шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы 17.04.2018 ж. жағдайға несиелендіруге 60,0 млрд. теңгеден артық сомаға 2 072 АШТӨ-ден өтінім келіп түсті. Осы уақытқа оның 50,4 млрд. теңгесі игерілген. «ҚазАгро» құрылымындағы тағы да бір компания – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  «Егінжай» бағдарламасы бойынша 285,5 млн. теңге сомасына 69 АШТӨ қаржыландырды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ,  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» ЖШС енеді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі     

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0