KASE алаңында “Эйр Астана” акцияларымен сауда-саттықтың ашылу рәсімі өтті

KASE алаңында “Эйр Астана” акцияларымен сауда-саттықтың ашылу рәсімі өтті

2024 жылғы 15 ақпанда Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа, KASE) жария бастапқы орналастыру (IPO) шеңберінде Эйр Астана АҚ (бұдан әрі – Эйр Астана) жай акциялармен сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Аталған шара бір уақытта AIX алаңында ортақтелекөпір трансляциясы режимінде ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға ҚНРДА Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева, KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, “Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Михаил Гришко, “KASEклиринг орталығы” АҚ Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская, “Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы “Halyk Finance”АҚ Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Роман Асильбеков, “SkyBridge Invest”АҚ Басқарма Төрайымы Шолпан Айнабаева, FlyArystan әуекомпаниясының Президенті Эдриан Хамильтон-Маннс жәнеЭйр Астанаөкілдері қатысты. Іс-шараның модераторы KASE Эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов болды.

Іс-шарада KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген Эйр Астана жай акцияларының IPO-сы қазақстандық капитал нарығының дамуының жоғары деңгейін білдіретінін атап өтті. Оны өткізу республика үшін маңызды нәтижелерді және бөлшек инвесторлар тарапынан белсенді қызығушылықты көрсетеді.

“Орталық контрагент қызметтерінің болуын ескере отырып, KASE сауда-саттық қатысушыларына KASE сауда-саттық жүйесі арқылы өтінімдерге жазылу және жинау сияқты сауда-саттықтың заманауи әдістерін ұсынды, бұл өтінімдер бойынша есеп айырысуларға KASE орталық контрагенті кепілдік берді. KASE-нің нарық қатысушыларымен өзара әрекеттесуінің арқасында жазылу кезеңі ішінде KASE-нің брокерлік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер болып табылатын 19 мүшесі өз клиенттерінің атынан өтінім берді.

KASE-дегі жария ұсыныс нәтижелері бойынша эмитент бір акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 45 855 827 акцияны сатып алуға 36 283 өтінімді қанағаттандырды. KASE-де қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық көлемі 49,2 млрд теңгені (баламасы 108,9 млн АҚШ доллары) немесе жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 76%-ын құрады”, – деп мәлімдеді Алина Алдамберген.

09 ақпаннан бастап KASE-де пре-маркет шеңберіндегі сауда – саттық ашылды. Пре-маркет кезеңінде жиынтық көлемі 409,3 млн теңгені құрайтын 974 мәміле жасалды. Акция бағасы 1 074-1 275 теңге аралығында өзгерді. Соңғы мәміленің бағасы бір акция үшін 1 170 теңгені құрады, бұл орналастыру бағасынан (1 073,83 теңге) 9,0%-ға жоғары.

“Бүгін KASE-де Эйр Астана акцияларымен сауда-саттық ашылады. Сауда-саттық ашылған сәттен бастап инвесторлар Эйр Астана бағалы қағаздарына инвестиция жасау үшін KASE құралдарының барлық спектрін – орталық контрагенттен орындалу кепілдігімен кейінге қалдырылған есеп айырысулармен және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер жасасу мүмкіндігін және осы бағалы қағаздарды басқа құралдармен мәмілелерді жоғары сыныпты қамтамасыз ету, репо нарығына және қатысудың клирингілік сертификаттарын қамтамасыз ету пулына қол жеткізу ретінде пайдалану мүмкіндігін алады”, – деді А. Алдамберген.

KASE”Эйр Астана” АҚ (бұдан әрі – Эйр Астана) жай акцияларын жария бастапқы орналастыру (IPO) қорытындылары бойынша оларға жазылу арқылы KASE сауда-саттық жүйесінде 49,2 млрд теңге тартылғанын хабарлайды, бұл жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялардың жалпы көлемінің 76%-ын құрайды.

KASE және “Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” АҚ тарапынан өтінімдерді қабылдау және тізілімді тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ KASE мүшелері салыстырып тексеруді жүзеге асырғаннан кейін жиынтық көлемі 120,6 млрд теңге (баламасы 266,8 млн АҚШ доллары) болатын 36 899 өтінім белсенді деп танылды. Бұл ретте жеке тұлғалардан түскен белсенді өтінімдер саны жынтық көлемі 46,4 млрд теңге сомасына 36 832 өтінімді (қабылданған өтінімдер көлемінің 38,5%) құрады. Аталған өтінімдер ұстаушылардың 1 999 қосалқы шотынан және омнибус шоты арқылы есепке алынатын 27 431 дербес шоттан берілді.

KASE-дегі сұраныс жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 186%-ын құрады, оның ішінде: институционалдық инвесторлар тарапынан сұраныс 50,8 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 42,1%),екінші деңгейдегі банктерден – 15,2 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 12,6%), брокерлік-дилерлік ұйымдар тарапынан – 4,7 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 3,8%) және өзге де заңды тұлғалардан – 3,6 млрд теңге (қабылданған өтінімдер көлемінің 3,0%) құрады.

Жергілікті үйлестіруші және бірлескен букраннер – Halyk Finance болды. Жетекші менеджер – Freedom Finance Global PLC. Бірлескен менеджерлер – BCC Invest, First Heartland Jusan Invest және SkyBridge Invest.

Анықтама үшін:

“Қазақстан қор биржасы” АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаңы.

KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері биржаларының Халықаралық қауымдастығының (ТМД БХҚ), The Global Association of Central Counterparties (CCP Global) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның “Тұрақты қор биржалары” – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасының қатысушысы болып табылады.

 KASE баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0