С. Альварес жеңді немесе Ф. Мейвезердің үздік екені тағы байқалды…

С. Альварес жеңді немесе Ф. Мейвезердің үздік екені тағы байқалды…

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен кездесуде С. Альварес Г. Головкинді ұпай санымен жеңіп кетті. Үш төрешінің біреуі ұпайды тең – 114:114 деп берді. Ал, қалған екеуі 115:113 есебімен Сауль жеңді деп санады. Дегенмен айқын жеңді деу қиын. Тіпті екеуі де қарымта кездесуге жоғары деңгейде дайындалмағандай әсер қалдырды.

Екеуінің жылдамдығы мен бокстасуы ұқсайды. С. Альварес те Г. Головкин де аутфайтер емес. Нокаут саны да шамалас. Бірақ, екеуінің хуктары мен апперкоттарының күші бір-­бірін нокаутқа жіберуге жетпеді. Панчер саналған Геннадий Саульді екі кездесуде де есеңгірете алмады…

Сонымен орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша жаңа әлем чемпионы – С. Альварес. Ал, Г. Головкиннің алғашқы тең түсуі мен бірінші жеңілісі – С. Альварестен болып тарихта қалмақ.

Флойд Мейвезерді не үшін қозғадық? Себебі, С. Альварестің алғашқы айқын жеңілісі кіші Флойдтан болған еді. Кеше емес, 5 жыл бұрын…

 Құрманғали Нұрғали 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0