Елбасы ҚР президентін қосып кеңес өткізді

Елбасы ҚР президентін қосып кеңес өткізді
 ҚР президенті Қ. Тоқаев қатысқан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты мәселе қаралған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі мәлімет таратты.
 Сонымен қатар, еліміздегі саяси оқиғалар да сөз болыпты. Бұған қатысты Елбасы: “Мен тарихымыздың осы бір бетбұрысты кезеңінде қазақстандықтардың парасаттылық және береке-бірлік танытқанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы күндері менің атыма мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, еліміздің еңбек ұжымдарынан көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшылары телефон арқылы хабарласып, қолдау білдіріп жатыр” деген.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0