Қордай ауданындағы жол-көлік оқиғасынан жәбір шеккендердің туған-туысқандары үшін «қауырт желі» жұмыс істейді

Қордай ауданындағы жол-көлік оқиғасынан жәбір шеккендердің туған-туысқандары үшін «қауырт желі» жұмыс істейді

20 сәуірде таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында “Тойота камри”  маркалыавтокөлікжолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған.

Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен.

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

Оқиға орнына облыс әкімдігінің басшылығы, облыc прокуроры, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, және қорғаныс істері басқармасының басшылары барды.

Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты апатты медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» қызметінің тікұшағы қатысты.

Сондай-ақ, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен арнайы техникасы бөлінді. Әскери госпиталға 8 жәбірленуші жеткізілді.

Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тәжірибелі үш хирургті алып оқиға орнына келді.

Облыс әкімдігі Жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде психологтардың кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262) 513575 и +7(7262)514167 құрылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Автокөліктер жүргізушілерінің кінәсі тергеу барысында сот-сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Фото informburo.kz-тен алынды 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0