А. Лукашенко: Өкілеттігімді Конституция бойынша беремін

А. Лукашенко: Өкілеттігімді Конституция бойынша беремін

17-тамыз. Turaninform. Беларусь елінде наразылық күшейіп тұр. Президент сайлауында жеңіске жетті делінген, ширек ғасырдан астам билікте отырған А. Лукашенко әбден сасуда. Содан да болар, сөздері біріне-бірі қайшы. Ол бірде референдум арқылы жаңа Конституция қабылдап, сол арқылы өкілеттігін беретіндігін мәлім етіп, қысым мен “көше” арқылы билікті алуға жол бермеймін деп бір қойды. Тағы бірде: “Біз сайлау өткіздік. Мені өлтірмесең – жаңадан сайлау болмайды”, – дейді.

 Мұның алдында биліктен күштеп кетірілсе, А. Лукашенко Ресейге қашуы мүмкін екендігі туралы DW Bloomberg-ке сілтеп жазған еді. Қаншалықты рас – белгісіз. Бір белгілісі – өз сөзі. Ол ресейлік тарапқа қарата, Беларусьтегі өз билігі құласа, наразылық толқыны одақтасқа көшетінін ашық айтуы. Ресей президентімен телефон арқылы осы тақырыпта сөйлесуі. В. Путиннің оны жан-жақты қолдайтыны да мәлім етілді.
Сәл бұрын ғана естілер-естілмес саяси наразылық дыбысы бірнеше күнде үлкен дүбірге айналып шыға келді. Кеше өткен наразылық шеруіне 100 мыңдаған беларусьтықтар қатысты. Беларусь тарихы жаңару кезеңінде тұр.

 Қ. Нұрғали

 Фото: strana.ua

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0