Қазақстанда 20 миллион тоннадай астық жиналды

Қазақстанда 20 миллион тоннадай астық жиналды

5-қазан. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаевтың сөзіне қарағанда, елімізде 20 миллион тоннадай астық жиналыпты. Бұл шамамен 1 млрд. 250 миллион пұт. Астық жинау науқаны да әдеттегіден ерте аяқталып отыр. Соған сәйкес, Қ. Тоқаев астық жинау науқанының аяқталуымен құттықтады.

“Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды” делінген Ақорда сайтында.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0