Кіші Р. Джонс пен М. Тайсон екеуінің бокстасуы аяқталды

Кіші Р. Джонс пен М. Тайсон екеуінің бокстасуы аяқталды

29-қараша. Turaninform. Қ. Нұрғали. Кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы абсолютті чемпиондары – Майк Тайсон және кіші Рой Джонс екеуінің бокстасу нәтижесі тең болды. Рой бұрынғы фирмалық комбинациясын (джеп, хук аутфайтерлігі т.б.) қолданғысы келді-ақ. Бірақ, бәрібір жас өз керегін алған екен. М. Тайсон да өзінің “бренд” әдісі – бүйірден түйіп жіберіп, апперкотпен аяқтайтын әйгілі сериялы соққыларын іске асыра алмады. Бәлкім, басқа себеп бар…
Дегенмен елудің үстіне шығып кеткен азаматтардың осындай физикалық көрсеткіштері – сол жастағыға да, кейінгілерге де оң мотивация берсе де жақсы.
Екеуі жастау кезінде кездесуі мүмкін екендігі талай айтылып, жазылды. Бірақ, қалай дегенмен өтпеді. Сол кезде М. Тайсонмен кездесу үшін Р. Джонсқа $40 миллионға дейін боксақы ұсынылған екен. Ал, қазіргі кездесуден ол 3 млн, ал, М. Тайсон $10 миллион алатын көрінеді.

 Кездесу 2 минуттан 8 раундқа есептелді. М. Тайсон жеңдім деп ойласа да, тең нәтижеге разы. Керісінше, Р. Джонс мен жеңдім деп санады.

 М. Тайсон 2005, ал,  кіші Р. Джонс 2018-жылдан бері рингке арнайылап шықпаған. Әрине, бұл бокстасу – рейтингтік те, титулдық та кездесу емес…

 Фото. sport.ua

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0