РФ Мемдума депутаты Қазақстан территориясына шүйлікті

РФ Мемдума депутаты Қазақстан территориясына шүйлікті

Ресейдің көрші елдерге “берген” территориялық “сыйлықтары” туралы, әлсін-әлсін не араға уақыт салып, сол мемлекет саясаткерлерінің әңгіме қозғап тұруы, өкінішке қарай әлі келе жатыр. РФ Мемдума депутаты В. Никонов елінің 1-телеарнасынан “Үлкен ойын” бағдарламасында Қазақстан территориясы Ресей мен КСРО-ның үлкен сыйлығы деуі – сондай бір саяси қойыртпақ. Дегенмен бұл адам, жәй емес, РФ Мемдума депутаты, сондағы комитет төрағасы әрі тарих ғылымы докторы. Оның осылай деп сайрауы – Ресейдегі демократиядан кеткен кеңдік емес…
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі нота жіберді. Жөн-ақ. Бірақ, осылай мемлекеттік территориямызды әр мемлекет саясаткерлеріне (қатардағы емес) меншіктей сөйлетіп қоя бере ме?.. Біздің тарап неге жақсылап тойтарыс бермейді? Ендігәрі аяғын абайлап басатындай қылып… Ең болмағанда, сол бағдарламағадағы В. Никоновты, А. Пушковты, тіпті В. Познерді де елімізге кіргізбейтіндей қылуға шамасы жетпей ме?
“Қызық” болғанда сол бағдарламада экс-депутат А. Пушков Украинаның жартысы Ресейдікі деп салды. Сонда жан-жағын жау еткеннен не ұтпақ? Өкініштісі, В. Никоновтің сөзін өзі секілді РФ Мемдума депутаты В. Лысаков та қолдады.
Ресей билігі тісі бататын елді біледі. Әйтпесе, мықты болса, АҚШ-қа сатып жіберген Алясканы қайыра сатып алу туралы үлкен мінбеде әңгіме қозғап көрсін…

 Құрманғали Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0