Кубада наразылық өршіді

Кубада наразылық өршіді

12-шілде. Turaninform. Ондаған жылдан бері тыныш жатқан Кубада наразылық өршіп кетті. Мыңдаған адамдар диктатураға қарсылық, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығын білдіре көшеге шыққан. Көшеге шыққандардың бірі: “Тамақ та, дәрі де, еркіндік те жоқ. …шаршадық” дейді.
Сан-Антонио-де-лос-Баньос қаласынан басталған наразылық жалпақ елге жайылды. Мәліметтерге сәйкес, саяси-әлеуметтік қарсылық оннан астам қаланы шарпыған.
Елдегі көптеген жанұя кубалық мигранттар аударған ақшаға қарап отыр. Кубалықтар өз еліне АҚШ-тан жыл сайын кемі $460 млн аударады екен. Саяси қарсы саналатын Америка Құрама Штаттарында шамамен 2 млн кубалықтар күн кешуде делінеді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0