Қазақстанда «Komatsu» және «Bomag» өнімдері

Қазақстанда «Komatsu» және «Bomag» өнімдері

23-қараша. Turaninform. Қазақстан компаниялары қазіргі таңда көптеген әлемдік деңгейдегі брендтермен жұмыс істеп келеді. Соның ішінде жапониялық «Komatsu» және германиялық «Bomag» та бар. Екеуі де өнеркәсіп ісінде алдыға кеткен компаниялар. Бірінің құрылу тарихы ғасырдан тартады.

Ольга, “Көмек машинери Қазақстанның” құрылыс саласы бойынша директоры:

– Жапонияның «Komatsu» және германиялық «Bomag» – екеуі де азаматтық-өнеркәсіп және жол құрылысы бойынша әлемдік деңгейдегі брендтер. Биыл «Коматсуға» бір ғасыр толады. Техникасы мен сервисі бір-бірімен үйлескен компания. Әрі әлемдік деңгейде техникалық сараптама ісінде де алда тұр. Екі компанияның Қазақстандағы дистрибьютері – Көмек машинери Қазақстан. 17 жыл бойы бірге жемісті еңбек етіп келеміз.

Әдетте, көлікті сатқан компания, техника бұзыла қалса, қызмет көрсетуде шабан болып жатады. Бұл компания болса, бар болғаны 1 күнде, әрі кеткенде екі тәулік ішінде жауап береді екен. Әрі қызмет көрсетуі кепілді уақытпен шектеліп қоймайды. Сонымен қатар, еліміздің бірнеше өңірлерінде өкілдіктері жұмыс істеп тұр. Әрі қосалқы бөлшектерге сұраныс туа қалса, Қазақстандағы қоймаларынан табуға болады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0