Ресей-Украина соғысы

Ресей-Украина соғысы

25-ақпан. Turaninform. Кеше басталған Ресей-Украина соғысында Украина 137 әскерінен, соның ішінде 10 офицерінен айрылған. Ресейдің 8 жүздей әскері өлген. Сонымен қатар, 7 ұшағы, сол сандағы тікұшағы, 30дан аса танкі, 130дың үстінде бронемашинасы талқандалыпты. Украина Киев әуежайын қайтарып алған. Дегенмен астанасы үлкен қысымда тұрғасын, көпірлерді әдейі жарыпты. Украинаның Қара теңіздегі Змеиный аралы қарсы жақтың бақылауына өткен.

 Ресей әскерлері бейбіт нысандарға дейін бомбалап, зымыранмен атқылауда. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар да қазаға ұшырап жатыр. Сонымен қатар, ресейлік тарап Украинаның 5 ұшағын, 1 тікұшағын, 18 танкін, 36 радиолокациялық станциясын құртқанын жариялады. Бірақ, Украина Бас штабы бұған қатысты ештеңе демеді.
Франция Украинаға әскери техника жіберетінін хабарлады.

 АҚШ және ЕО санкциясы болса, тіпті кеңейді. Мәселен, АҚШ $1 трлн. активі бар ресейлік банктерді оқшаулады. Мұның ішінде ірілері –  Сбербанк, ВТБ. ЕО да ресейлік қаржы секторына, мемлекеттік компанияларға санкция салды. Ұлыбритания да санкцияны күшейтті. Енді Тайвань да қосылды.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0