Украина Еуроодақ мүшелігіне кандидат мәртебесіне ие болды

Украина Еуроодақ мүшелігіне кандидат мәртебесіне ие болды

24-маусым. Turaninform. Қ. Қалмахан. Еуроодақ елдерінің басшылары Украинаға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін беруді қолдады. Мұның алдында Еуропарламент те, Еурокомиссия да мақұлдаған еді. Украина президенті В. Зеленский осы жылдың 28-ақпанында аталған Одаққа кіру бағытындағы құжатқа қол қойған болатын.

Кандидаттық Украинаға не береді? Бұл Батыс құндылықтарына, өркениетіне бұрылғанын білдіріп қана қоймай, Еуроодақтың жаңа бастамаларына араласуға мүмкіндік алады. Инвестициялық тартымды етеді. Әлемдік бизнес жауһарларының қызығушылығы артады. Басқа да артықшылығы бар. Дегенмен Украина алдында үлкен міндеттемелер де тұр. Солардың ішінде жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесін реформалау, сөз бостандығын кеңейту т.б. бар. Сондықтан еуроинтеграция үдерісін әрі қарай жалғастыруы тиіс. Айналып келгенде, демократиялық реформаларды жүргізе беруді керек етеді.

Украина Еуроодақ мүшелігіне кандидат мәртебесін аз уақыт ішінде алды. Бірақ, оңай келген жоқ…

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0