Altynsarin institute шахмат ғылымының инфрақұрылымын енгізуде

Altynsarin institute шахмат ғылымының инфрақұрылымын енгізуде

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында көлемі 9 шаршы метр кеңістікті құрайтын «Шахмат тақтасы» жасалды. Енді әр студент пен қызметкердің Altynsarininstitute фойесінде шахмат ойнауға мүмкіндігі бар. Бұл жаңа оқу жылында жүзеге асырылған ЖОО инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кезекті жоба.

Жаңа локацияны құрудың бастамашысы институт басшылығы болды. Өз сөзінде Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы жаңа орынның маңыздылығын атап өтті.

«Шахмат – адам ойлауын дамытудың бірегей құралы. Шахмат ойнау интеллектуалды қабілеттерді, логикалық және стратегиялық ойлауды сақтауға көмектеседі, сонымен қатар тәртіпті, салмақты шешім қабылдауға және жауапты болуға үйретеді. Осы қасиеттердің барлығы жоғары технологияларды дамыту және инновациялық жобаларды іске асыру үшін де қажет. Шахмат аумағының жұмысы ғылыми-педагогикалық шығармашылықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенемін», – деді ол. Ректордың айтуынша, бұл миссияға институттың әр оқытушысы мен студентінің қатысуы өте маңызды.

Алаң–жылжымалы шахмат тақтасы болып саналады. Фигуралардың әрқайсысы әдейі жеңілдетілген, тіпті ең әлсіз немесе қарт адам оны оңай көтере алады. Биіктігі 47-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Ең биік фигура – Патша.

Сонымен қатар, институт «Шахмат тақтасының»селфи мен фото-бейне түсірілімдерді қоса алғанда, танымал демалыс орнына айналатынына сенімді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда инфрақұрылымдық саясат саласында AltynsarinInstituteдаму стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – тартымды және функционалды білім беру ортасын қалыптастыру және құру болып табылады.

 Altynsarin institute, Маркетинг және коммуникация бөлімі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0