Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы “KASE Day in Astana” іс-шарасын өткізді

Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы  “KASE Day in Astana” іс-шарасын өткізді

2024 жылғы 07 ақпанда “Қазақстан қор биржасы” АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) және оның 100% еншілес ұйымы – “KASE клиринг орталығы” АҚ (бұдан әрі – Клиринг орталығы) Астана қаласында өз клиенттерімен, атап айтқанда, қазіргі және әлеуетті эмитенттермен және биржа мүшелерімен “KASE Day in Astana” бизнес өкілдерімен таңғы ас форматында кездесу өткізді.

“KASE day in Astana” барысында Қазақстан қор биржасының өкілдері 2023 жылғы KASE қызметінің қорытындылары, Биржаның іске асырылып жатқан жобалары, инновациялар мен жаңа қаржы құралдарын енгізу, Қазақстанның қор нарығын дамыту трендтері мен перспективалары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған KASE Даму Стратегиясының негізгі бағыттары және ESG қаржыландыруды дамыту, KASE Digital алаңында токенизацияланған активтерді іске қосу және сату жоспарлары, Market Dataбағытын, KASE ақпараттық және талдамалық өнімдерін дамыту, сондай-ақ KASE Global секторын дамыту туралы ақпарат айтылды.

Сонымен қатар,”KASE day in Astana” KASE клиринг орталығының презентациясы ұсынылды, онда Клиринг орталығының өткен жылғы қызметінің нәтижелері және 2024 жылға арналған жоспарлар көрсетілді. Атап айтқанда, спикерлер Клиринг орталығының валюта нарығы мен туынды құралдар нарығына қызмет көрсетуді бастау мерзімі, орталық контрагент моделінің тәуекелін жетілдіру және оның қызметін ең үздік салалық практикаларға сәйкестендіру туралы айтып берді.

Іс-шарада спикерлер ретінде KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, “KASE Клиринг орталығы” АҚ Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов және KASE Ақпарат және статистика департаментінің ақпараттық өнімдерді ілгерілету бөлімінің бастығы Жансая Қарабаева сөз сөйледі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, квазимемлекеттік сектор компанияларының топ-менеджерлері, ірі жеке компаниялардың басшылары, эмитенттер, инвесторлар және нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.

KASE және KASE Клиринг орталығы жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары мәртебесіне ие болғанын айта кеткен жөн.Бұл Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы үшін Биржаның және KASE Клиринг орталығының тұрақты қызметінің құндылығын білдіреді. Биржа және KASE Клиринг орталығы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйымдар болып табылады.

 Анықтама үшін

Биржа іскерлік таңғы ас форматындағы іс-шараларды 2017 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіп келеді. Осыған дейін “CASE Day” Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь), Мәскеу (Ресей) және Лондон (Ұлыбритания) қалаларында өткізілді.

“Қазақстан қор биржасы” АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері биржаларының Халықаралық қауымдастығының (ТМД БХҚ), The Global Association of Central Counterparties (CCP Global) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның “Тұрақты қор биржалары”– Sustainable Stock Exchanges Initiativeбастамасының қатысушысы болып табылады.

“KASE Клиринг орталығы” АҚ Биржаның еншілес ұйымы”eTrade.kz” ЖШС-н қайта құру жолымен құрылды және 2022 жылғы 21 маусымда тіркелді. Клиринг орталығы Биржаның 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының “Орталық контрагентті негізгі инфрақұрылымдық элемент ретінде дамыту”бағытына сәйкес құрылды.

Қосымша ақпарат: +7 (727) 237 53 42, pr@kase.kz.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0