Адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференция өтті

Адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференция өтті

Астанада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Адам құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар қаралған кездесуге Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдерін, түркі мемлекеттерінің Омбудсмендерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын және басқа да сарапшылар келді.
Конференцияға қонақтарын Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Ластаев қарсы алды. Форум мақсаты БҰҰ-ның “Адам құқықтары 75” жаһандық бастамасын қолдау.
Халықаралық іс-шарада ел ішіндегі тартысты тақырыптар да сөз болды. Заңдарды барынша гуманды ету жағы да қозғалды. Десек те, айтуы айтылып жатса да, пайызға шаққанда, соңғы жылдары кешіріммен қарау, жеңілдік жасау көрсеткіші төмендеген екен. Мұндай жағдайда харрасмент, яғни, жыныстық сипаттағы әлдебір қысым не соған ұқсас оқиғаның жазасын ауырлатса, не болатыны белгісіз. Әрине, ондай теріс әрекетті қолдамаймыз. Мәселе басқада… Бірнеше жыл бұрын ғана билік бұл бапты Әкімшілік кодекске көшіргенін де қоса кетейік.
Осы орайда, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Заңнамаларды жетілдіру бөлімінің меңгерушісі, заң саласында үлкен жолдан өткен тәжірибелі азамат Б. Бейісов мырзаға аз-маз сұрақ қойдық…
Журналист:
– Осы іс-шарада қойылған мақсатқа жеттіңіздер ме? Саяси, әлеуметтік бағытта қандай заңдарға өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыз?

– Біз осыған дейін халықаралық нормаларға сәйкес келетін заңдарды Парламент арқылы қабылдадық. Конституциямыз да ешбір елдің Ата заңынан кем емес. Мәселе неде сонда?.. Іске асыруда. Осы жағын жүйелеу керек.

Үйдегі сияқты. Балаңды қадағалап отырсаң істейді, әйтпесе, қадағалауды қажет етеді. Бұл да сол секілді жағдай, яғни, шенеуніктерді бақылап отыруымыз тиіс. Қызметке келместен бұрын, әрбір азамат, елге жұмыс істеудің мәнін әбден ұғынуы қажет…

Шетелден әлдебір заңды алып, бізге енгізсек, бәрі түзеліп кетеді дей алмаймын. Қазақстан заңында барлығы бар…

– Харрасмент тақырыбы қоғамда жиі көтеріліп жатыр. Осы бойынша біздің заңға не жетіспей жатыр?.. 

– Заң бар. Қылмыстық кодекстің 124-бабында жазылған. Бірақ, Әкімшілік кодекске де енгізейік деп отырмыз.

– Айыппұл салу жолымен ғой…

– Иә. Десек те, мұнда да ыждағаттылық қажет. Мәселен, оппозиционер дейік. Қатты сын айтып жатыр. Жұрт қолдауда… Оны харрасментпен құлатуға бола ма?.. Әлеуметтік жауапкершілігі төмен, ұяты жоқ қызды ортаға салып, он жыл бұрын болған оқиға деп, ойдан бірдеңе құрастырса ше?

Сондықтан харрасментке бармайтындай қоғам қалыптастыру қажет. Қызымызды, ұлымызды ұлттық тәрбиемен өсірсек, мұндай мәселе де болмас еді.

Біз барлық жағдайды екі-ақ кодекспен шешеміз: қылмыстық және әкімшілік. Қылмыстық – құрту мен отырғызу немесе әкімшілікпен… Қоғамдық тәрбие қалай болып жатыр? Абайдың сөзін болса, ұмыттық. Дәстүр де қалды.

Біріне еркіндік керек. Дегенмен сөзіне, ісіне жауап беруді де білуіміз тиіс. Осы жағын кішкене ұмытып кететініміз бар…

Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0