VII Еуразиялық бизнес-форумда жасыл экономиканың қыр-сыры баяндалды

VII Еуразиялық бизнес-форумда жасыл экономиканың қыр-сыры баяндалды

 Астанада шілдедегі іс-шаралар басын VII Еуразиялық бизнес-форум ашты. “Жасыл энергия және қалдықтарды басқару” деген тақырыптағы форум-көрмеге шетелдік және қазақстандық белгілі кәсіби мамандар, беделді компаниялар қатысты. Биыл құрылғанына он жыл толған Kazwaste ұйымдастыруымен өткен халықаралық іс-шарада жасыл экономиканың қыр-сыры талқыланды. Айтулы шараның бас демеушісі – Bank center credit-тің атқарушы директоры​ К. Эрмакбаеваның сөзіне қарағанда, “жасыл” экономика банк басымдық беретін қоғамдық жұмыстарға жатады. Банктің PR меңгерушісі Дәмелінің ақпаратына сәйкес, аталған қаржылық құрылымда “Қалдықпен бөліс” атты жоба жүзеге асырылуда. Соған сәйкес, банк қызметкерлерін экологиялық стандарттарды сақтауға үйретеді. Әрі аталған банк қалдықтарды қайта өңдеуді назарда ұстап келеді. Нәтижесі де бөтен емес. 2021-жылдан осы уақытқа дейін 54 тонна қоқыс заттары жиналып, өңделген. Сонымен қатар, банк қызметкері “жасыл” жобаларды қолдауға қашанда ашық екенін айтты.
                                        Орны толатын энергия көздерінен алынған электр қуаты аз…
Сырт қарағанда, Қазақстан орны толатын энергия көздеріне, қалдықты өңдеуге баса мән беріп жатқандай көрінеді. Үкімет жаққа қарасақ. Мәселен, орны толатын энергия көздерін алсақ, елімізде өндірілетін электр қуатындағы үлесі өте аз. Бар болғаны 3%дай ғана. Еуроодақтың кей елдері көмір пайдаланатын “дәстүрлі” жылу электр станциясы түгілі, бізге таңсық АЭС-ті де жаба​ бастады. Десек те, қоғамда бетбұрыс бары байқалады.
Сондықтан үкімет тарапынан энергетика бойынша құқықтық стандарттарды халықаралық нормаларға сай етсе, экономикалық база жасалса дейміз. Әйтпесе, еліміздің орны толатын – Күн, жел энергиясы бойынша әлеуеті орасан. Мәліметтерге сәйкес, бір жел энергиясынан 920 млрд. кВт/сағ алуға болады. Айтатыны жоқ, табиғи әлеуеті зор екенін білдіріп тұр.
Қазақстан өзінің стратегиялық жоспарында көміртегіден бейтарап энергия көздерін дамытуды көздеп отыр. Бұған қол жеткізуге еліміздің табиғи әлеуеті мүмкіндік береді.
                                   Қалдықсыз экономикаға шағын және орта бизнес қызыға ма?
“Жасыл” экономика – инвесторлар ақша салып, пайдаға кенеліп, әрі қарай дамуға жол ашатындай ма? Қазақстан жағдайында. Өкінішке қарай, еуропалық деңгейде демес едім. Бұл туралы форумның: “Қалдықтарды тізгіндеу саласында ШОБ-ты дамыту” деген дөңгелек үстелінде айтылды. Үкімет жағынан кетіп жатқан кемшіліктер тізілді. Мысалы, Алматы, Ақтау қалаларында осы бағытта әлдебір кәсіпорындардың жұмысына мемлекеттік органдар заңсыз араласқан. Басқа да кем-кетіктер аталды. Осы форум-көрме аясында Германиядан келген компаниямен таныстық. Сол компания өкілінің сөзіне сәйкес, қалдықсыз экономикадан орнын тауып, отбасылық бизнес ашып алған. Отыз жылдай уақыттан бері қалдық өңдеумен айналысатын техникалар құрастырып келеді екен. Мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз-ақ дамытқан. Соған қарағанда, үкімет құқықтық нормаларды халықаралық өркениетті стандартқа сай етіп, бұл саланы да бюрократиядан арылтуы маңызды. Әрі қарай қоғамда алып кететіндер табылса керек. Әйтпегенде, мемлекеттік сатып алу жүйесін жемқорлықтан барынша тазартпаса, жағдай күрделі болып қала бермек.  Сондықтан бұл сфераны да бизнес қызығатындай қылу қажет-ақ.
Ондаған түрлі компанияларды жасыл идеяға біріктіріп отырған Kazwaste қауымдастығы өткізген бизнес-форумда басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Талқыланды. Ендігісі – әрекет…

 Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0