Астанада оқушылардың қалың тобы жасөспірімдерді соққыға жыққан…

Астанада оқушылардың қалың тобы жасөспірімдерді соққыға жыққан…

10-қазан. Turaninform. Елордада оқушылардың, студенттердің қалың тобы көше кезіп, жолында кезіккен жасөспірімдерді соққыға жыққан. Қай ауданнан екенін сұрап, егер «Оңтүстік-Шығыс» деп жауап берсе, бірден ұрып-соққан көрінеді. Олардың ішінде №86 және 51-мектептің оқушылары да бар. Бір ақпарат көзінде, тәртіп бұзғандардың саны екі жүзден асатыны жазылған. Бұған қатысты Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ. Сенғазыев былай деді: Арасында осындай жағдайлар орын алып тұрады. Қоғам, құқық қорғау органдары, ата-аналармен бірлесіп осы мәселені шешеміз.
Бұзақылық жасаушылардың арасында, анайы сөйлеушілермен қатар: “Пышақтаймыз бүгін…” деп қуана айтып бара жатқаны да кездеседі.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0