4-қараша. Turaninform. Миллиондаған жылдардан кейін Африка екіге бөлінуі мүмкін. Аталған материктің шығыс бөлігінде, тектоникалық өзгерістер болып, 5-10 миллион жыл ішінде жаңа мұхит пайда болады деген долбар бар. Бұл туралы IFLScience жазады. Тектоникалық жарық мыңдаған шақырымға созылып жатыр. Қазіргі көптеген елдер – Эфиопия, Кения, Конго (ДР), Уганда, Руанда, Бурунди, Замбия, Танзания, Малави және Мозамбикті қамтиды.
Десек те, осыдан бірнеше жыл бұрын әлемге тарап кеткен, Африкадағы екіге айрылған жердің (фотода), бұл географиялық, геологиялық өзгеріске қатысы шамалы көрінеді. Әрине, әлі де зерттеуді қажет ететін секілді…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР