16-желтоқсан. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. Қазіргі Қазақстан сонау өткен ғасырдың 90жж. экономикалық көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Жалпы ішкі өнім көлемінен де, соны жан басына шаққанда да. Бүкіләлемдік банк мәліметіне қарағанда, ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы еліміздің былтырғы көрсеткіші 14 мың АҚШ долларынан сәл артқан. Осылайша, әлемдік орташа деңгейден асып тұр. Сырт қарасақ, бөтен емес көрінеді. Ал, дамыған мемлекеттермен салыстырсақ, тым артта келе жатқанымызды байқау қиын емес. Мәселен, Германияның ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы 1987ж. көрсеткішінің өзі, өткен жылғы біздің елдікінен 20%-дай жоғары болған! Францияның сол жылғы деңгейі болса, шамамен 15%-ға артық. Осылайша, Қазақстан көптеген дамыған елдерден 40-50 жылдай артта келеді.
Мұның үстіне Қазақстан ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы 2013ж. деңгейінен өткен жылы барып, оза алды. Бұл да ел экономикасының жылдар бойы батпақтап бір алға, бір артқа ұзақ тұрғанын көрсетеді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР