19-желтоқсан. Turaninform. Ақ үй лоторея ойыны жүйесімен ұтып, иммиграциялық виза алып, АҚШ-қа келуге болатын ережені тоқтатты. Әдетте, грин-картаға қолы жеткендер, бес жылдан кейін азаматтық алуына да мүмкіндігі болатын.
АҚШ басшысы Д. Трамп бұл жолға тосқауыл қоюды, сонау бірінші президенттік кезеңінде-ақ қозғаған еді. Ақыры шұғыл бұйрық беріп, тыйым салды. Оның бұл ұйғарымға біржола келуіне, грин-карта ұтып алған португалиялықтың сұмдық қылмысы әсер етсе керек. Ол университетке шабуыл жасап, салдарынан екі адам қаза тапқан еді.
Виза лотореясын ойнауға, биылдың өзінде, әлем бойынша 20 миллиондай адам қатысқан. Соның ішінде 38 португалдық бар.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР