«Apple» құны $178,11 млрд., ал, «Coca-Cola» – $73,1 млрд. тұрады

«Apple» құны $178,11 млрд., ал, «Coca-Cola» – $73,1 млрд. тұрады

6-қараша. Turaninform. Құны жағынан әлемдегі ең қымбат 100 компанияның тізімін Interbrand Corp. агенттігі жариялапты. Жәйдан­-жай әлемдік деңгейдегі бренд болмайды ғой. «2016-жылғы әлемдік үздік брендтердің рейтингі» деген атаумен тізілген жүздіктің ұшар басы – бірінші орында, биыл тағы да «Apple» тұр. Оның құны – 179,1 млрд. АҚШ доллары тұрады екен! Бір компанияның құны Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің ЖІӨ­-ін қосқандағыдан көп деген сөз! 50-орынға «Porsche» компаниясы ($9,537 млрд.) жайғасыпты. 100­-орында «Tesla» тұр. Құны – 4,011 млрд. АҚШ доллары.

«Сен тұр, мен атайын» деп тұрған жүз ірі компанияның бәрін тізу артық болар. Дегенмен ондықты жаза кеткенді жөн деп таптық.

TOP–10

  1. Apple – $178,11 млрд.;
  2. Google – $133,25 млрд.;
  3. Coca-Cola – $73,1 млрд.;
  4. Microsoft – $72,8 млрд.;
  5. Toyota – $53,58 млрд.;
  6. IBM – $52,5 млрд.;
  7. Samsung – $51,8 млрд.;
  8. Amazon – $50,33 млрд.;
  9. Mercedes – $43,49 млрд.;
  10. General Electric – $43,13 млрд.

 Еліміздің саясаты, кәсіпкерлік, инновациялық бағдарламалар еңбекке сүйенген, адал, білімді, қабілетті азаматтардың кәсіпте де жарқырап шығуына жол ашса, алдағы онжылдықтарда қазақстандық компаниялар да осылай шығуы мүмкін ғой… Оған дәлел,  Apple, Microsoft, әсіресе, Samsung пен осы жүздікте 13-орында тұрған Дисней компаниясының негізін салғандар қарапайым қатардағы азаматтар болғаны.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0