“Алматы Тауэрс” ғимаратындағы өрттен студенттер де қаза болды

“Алматы Тауэрс” ғимаратындағы өрттен студенттер де қаза болды

 8-қараша. Turaninform. Алматы қаласындағы “Алматы Тауэрс” ғимаратында қаза болғандардың арасында студенттер де бар екен. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД хабарлады.

«Алматы полициясы қаланың Бостандық ауданында 6 қараша күні кешкі сағат жетілер шамасында бизнес-орталық ғимаратында орын алған өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке бастарын анықтады. Еске сала кетсек, олардың мүрдесі оқиға орнын жинау, тазалау кезінде 11.00-де табылған, олар алматылық бірқатар жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 1994, 1995, 1996 жылы туылған студент жастар болып шықты.

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өндіріс аясында қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталатын болады.» делінген аталған департамент сайтында.

Үлкен өкініштісі, адам шығыны орын алғаны. Алматыда үлкен нысандардың өртенуі бір бұл емес. Бұған дейін бірнеше базардың өртенуі де орын алған еді…

Фото dixinews.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0