Трамп 276 дауыспен жеңіске жетті

Трамп 276 дауыспен жеңіске жетті

10-қараша. Turaninform. Сонымен көп уақыттан бері талқыланған АҚШ-­тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңгені мәлім етілді. Бұл сайлаудағы американдықтардың белсенділігі ерекше болды делінуде.

Республикалық партиядан түскен Дональд Трамп 538 сайлаушылар дауысының 276­-сына ие болған. Жеңіске жету үшін 270 дауыс та жеткілікті еді.

Бұрынғы кәсіпкер, ендігі президент Дональд америкалықтарға қарата өз пікірін де білдірді. Бүкіл американдықтардың президенті болу; елдің бірде-­бір азаматын ұмыт қалдырмау; АҚШ инфрақұрылымын әлемдегі ең әдемі ету; экономика өсімін екі есеге арттырып, оны дүниежүзі бойынша үздік қылу деген секілді оның қызыл сөзді уәделерінің қалай орындалатынын уақыт көрсетеді. Басқасын қайдам, бірақ, бір мерзімде, яғни төрт жылда АҚШ экономикасын екі есеге арттыру қолынан келе қоймайтындай.

Ал, 218 дауыспен жеңілген Хиллари Клинтон Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, оны АҚШ халқына ортақ президент болады деп сенім білдірген.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0